Астанада Бурабай көшесі уақытша жабылады
2 маусым, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бурабай көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бурабай көшесінің Хантау көшесінен Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралықтаа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 3-18 маусым аралығында көлік қозғалысы толықтай шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты