10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада 2 800-ден астам жұмысшы қар тазалауға шықты

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада 2 800-ден астам жұмысшы қар тазалауға шықты

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын мыңдаған текше метр қар қала аумағынан шығарылады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер арнайы полигондарға 1 073 рейспен 13 310 текше метр қар шығарды.

Бүгін таңертеңнен бастап қар тазалау жұмысына 2 844 жол жұмысшысы мен 1 337 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан 26 мың текше метрден астам қар, яғни 2 122 жүк көлігі көлеміндегі қар шығарылды.

Қар күреу жұмысында алдымен қаланың негізгі көшелері мен қоғамдық көлік маршруттары жүретін жолдарға назар аударылады. Осыдан кейін орташа қозғалыс аймақтарында – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарында барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗