04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана-күй қанатында»: Елордада домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана-күй қанатында»: Елордада домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 28-29 қараша күндері қазақтың күй өнерін дәріптеуге арналған дәстүрлі III қалалық «Астана – күй қанатында» атты домбырашылар фестиваль-байқауы өтеді, деп хабарлады  Elordainfo.kz.елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Фестиваль аты аңызға айналған күйші, ұлы Құрманғазының шәкірті, «ғасыр адамы» атанған Дина Нұрпейісованың есімімен аталады. Айтулы іс-шара «Күй анасы» республикалық қорының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаты – Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасын ұлықтау, ұлттық күй өнерін кеңінен насихаттау және дарынды жас домбырашыларды қолдау.

Байқау бағдарламасы: I тур 28 қарашада онлайн форматта өтеді; II тур 29 қарашада офлайн форматта, Астана қаласында өтеді.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Қатысушылар екі жас санаты бойынша сынға түседі: I топ – 14-18 жас; II топ – 19-35 жас.

Фестиваль барысында жас орындаушылардың өнер көрсетуімен қатар, қазылар алқасының кәсіби бағалауы мен шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылған. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен лауреаттар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ал  іс-шара соңында үздік қатысушылардың қатысуымен салтанатты гала-концерт өтеді.

Бұл концерт – күй өнерінің құдіретін сезінуге, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыруға арналған ерекше рухани кеш болмақ.

Айта кетейік, «Күй анасы» республикалық қоры мен Астана қаласы әкімдігі бұған дейін елордада Дина Нұрпейісова есімін ұлықтауға бағытталған көптеген мәдени жобаны жүзеге асырған. Олардың қатарында ескерткіш орнату, «Күйшілер аллеясын» абаттандыру, домбыра инсталляциясын орнату, әлеуметтік жобалар мен кітап басылымдарын шығару сынды бастамалар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗