Ақмола облысында орманнан атыс қаруы табылды

Бүгін, 13:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақмола облысында орманнан атыс қаруы табылды
Фото: instagram.com/duis.astana

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«11.11.2025 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РММ «№64 мекеме» жедел бөлімі қызметкерлерімен арнайы контингентке жүргізілген жедел іс-шаралар барысында атыс қаруы жасырылғаны туралы жедел ақпарат алынған.

Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен (ҰҚҚКБ) бірлесіп, Ақмола облысы Аққайың ауылына кіреберістегі орман алқабынан атысқа жарамды 7.62 калибрлі АК-103 маркалы ұрыстық қару табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.