07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбе облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді

|
Photo: фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбе облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 75 келі сазан тәркіленді

|
Photo: фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 шілдеде Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, Құтикөл ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Масақ-көл су айдынында балықты заңсыз аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 75 келіден асатын 139 сазан және бес балық аулау торы тәркіленді.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗