Дзюдо: Марат Байқамұров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Дзюдо: Марат Байқамұров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен Grand Slam санатындағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз үшінші орын үшін өткен кездесуде ресейлік Адам Сангариевтен басым түсті.

Марат Байқамұров байрақты бәсекені сәтті бастап, Франция мен Кипр спортшыларын жеңді. Алайда ширек финалда ресейлік Идар Бифовқа есе жіберді. Бұдан кейін жұбаныш белдесуінде америкалық Дэниел Любимовскиді тізе бүктіріп, жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирін екі қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да қола медальға ие болған еді.

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы садақ атудан Азия кубогында екі жүлде иеленді.