Қазақстан ұлттық құрамасы Ирактың Сүлеймания қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында блоктық садақ атудан алтын және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аралас командалар арасындағы бәсекеде Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова топ жарып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық спортшылар Бангладеш құрамасынан 153:142 есебімен басым түсті.
Әйелдер құрамасы күміс медаль иеленді. Эльмира Раисова, Милана Бурлева және Аяжан Жақсылық финалға дейін жетіп, шешуші сайыста Бангладеш садақшыларынан 220:230 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алған болатын.
Қазақстан ұлттық құрамасы садақ атудан Азия кубогында екі жүлде иеленді
29 қазан, 2026
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:04
18 қазақстандық Сенегалда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынайды
29 қазан, 2026
Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетті
28 қазан, 2026
Астанадағы Әлем чемпионатында жүлдегерлер марапатталды
27 қазан, 2026
Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова әлем чемпионатының жартылай финалында күреседі