Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды
Фото: Ақорда

ҚР Вице-Президенті Ерлан Қарин Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Арман Қырықбаев конкурстың екінші кезеңіне өткен туындыларды қоғамдық талқылау қорытындысы туралы баяндама жасады.

Зиялы қауымының беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнері салалары бойынша ұсынылған 7 жұмысты қарады.

Дауыс беру нәтижесінде комиссия мүшелері ұсынылған туындылар жөнінде ортақ шешімге келе алмады. Осыған байланысты биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды.

Отырыста жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды.