09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жеңіс Қасымбек: Заманауи ұстаз – адалдық пен мейірімнің ерекше үлгісі

|
Photo: Фото: instagram/jenis_qasymbek
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жеңіс Қасымбек: Заманауи ұстаз – адалдық пен мейірімнің ерекше үлгісі

|
Photo: Фото: instagram/jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті ұстаздар қауымы!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңізге, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңызға айрықша алғыс білдіремін.

Сіздер балаларымызға білім беріп қана қоймай, ой өрісін кеңейтуге, сезінуге, өз өмірі мен қоғамның болашағына жауапкершілікпен қарауға баулисыздар.

Бүгінде елордамыздың білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астанада 23 заманауи әрі жайлы мектеп бой көтерді. Біз оқу процесінің қауіпсіз әрі қолайлы өтуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Ал мұның барлығы сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен өзгерістерге әрдайым дайын болуларыңыздың арқасында ғана мүмкін болып отыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі заманауи елордалық ұстаз – шәкірттерімен бірге дамып, заман талабына сай қадам басатын, адалдық пен мейірімнің, жігер мен парасаттың ерекше үлгісі екендігін айтты.

«Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, шәкірт пен ата-ананың шынайы құрметі мен алғысын тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым қуаныш сыйлап, мерейлеріңізді асыра берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!» - делінген әкім құттықтауында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗