Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтірді
Фото: freepik.com

Белгілі болғандай 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында тіркелген. Марқұмның күйеуі, ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алдын ала тергеу жанжалдың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан туындағанын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Шымкентте көшедегі әйелді пышақтап өлтірген қылмыскердің ұсталғаны жайында хабарладық.