ҰБТ-ның екінші аптасында 178 рет ереже бұзылғаны анықталды
10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-ны 92 мыңға жуық рет тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Талапкерлердің 71%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, 164 адам ағылшын тілінде тапсырды.
Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа 63 балл жиналды. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 235 талапкер қатысты.
«Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты апелляцияға беру құқығы бар, ол тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде жүргізіледі. Техникалық себептерга шағым тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады», делінген хабарламада.
ҰБТ-ны өткізлген екінші аптада 178 ереже бұзу анықталды. 103 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка мен басқа да тыйым салынған затты алып кірмек болған. Нәтижесінде олар тестілеуден шеттетілді. Тағы 75 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактісі тіркелмеген.
2026 жылғы ҰБТ аяқталған соң 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады.
Айту керек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.
Еске салсақ, биыл 3,9 млн астам оқушы 2025-2026 оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 215 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.