Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елімізде инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 мыңнан астам бала бар. Елімізде 541 ұйым жұмыс істейді. Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында 20 өңірде 1 мың орындық жаңа форматтағы арнайы мектептер, сондай-ақ облыстарда 600 орындық оңалту және сауықтыру кабинеттері бар ұйымдар салу көзделген.
Білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау еліміздің 17 педагогикалық жоғары оқу орнында және 9 колледжде жүзеге асырылады. 2027 жылы колледждер 500-ден астам логопед даярлауды жоспарлап отыр.
Балаларға жеке қолдау көрсетуде педагог-ассистенттер де маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 6 колледжде педагог-ассистенттерді даярлау басталды, 210 студент қабылданды.
Ерекше білім беру қажеттілігін уақтылы анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу нормативтері 40 мың балаға шаққандағы есеппен қайта қаралады, бүгінде бір ПМПК ашу нормативі 50 мың балаға шаққандағы есеппен айқындалады.
Жұлдыз Сүлейменованың пікірінше, арнайы ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту маңызды бағыт болып қала береді. 2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 99 арнайы мектептің оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңартылды. Қормен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады.
Ерекше білім беру қажеттілікгі бар балаларды кешенді қолдаудың тиімді ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру мақсатында Инклюзивті білім беруді дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспары бекітілді. Оны жүзеге асыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге және өңірлерде білім беру қызметтерінің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
20 өңірде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа форматтағы мектептер салынады
Бүгін, 12:11
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
28 қазан, 2026
Qazaq Creative кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды бастады
28 қазан, 2026
Еліміздегі Гази университетінің филиалы болашақ педагогтерді даярлауға кірісті
28 қазан, 2026
Қазақстан Азия елдері арасында білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
27 қазан, 2026
28 қазанда магистратура мен доктарантураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталады