Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты: министр көңіл айтты
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитанының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ержан Сәденов желідегі парақшасында Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болғанын жазды.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді», – деп жазды министр.
Есек салсақ, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды.