Таяу Шығыстан 4,7 мыңнан астам қазақстандық елге оралды - СІМ
Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды елге қайтарып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4 700-ден астам қазақстандық елге оралды.
«Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылды. 6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері «Заркух» компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына өткізіп алды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «Заркух» компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан.
Еске сала кетсек, Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы елдерге жасалатын репатриациялық рейстер кестесін жариялады.