08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сот орындаушыларға AdiletGov мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады

|
Photo: pexels.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Сот орындаушыларға AdiletGov мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады

|
Photo: pexels.com

AdiletGov мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері 2,5 мыңнан аса азамат сот орындаушыларына жүгініп, өз мәселелерін орындаушылық іс жүргізу шеңберінде шешті, деп хабарлады Elordainfo.kz Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

AdiletGov мобильді қосымшасы ҚР Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы бірлесіп әзірлеген. Жоба мақсаты – орындаушылық іс жүргізудің қолжетімділігін және ашықтығын арттыру.

Қосымша арқылы азаматтар орындаушылық іс жүргізудің барысы туралы ақпарат ала алады, сот орындаушылары қабылдаған шараларды көре алады, өтініштер, арыздар мен шағымдар жібере алады, сондай-ақ олардың қаралу мәртебесін бақылай алады.

Пайдаланушылар нақты уақыт режимінде сот орындаушысының қандай іс жүргізу әрекеттерін орындағанын көре алады. Егер белгілі бір әрекеттер орындалмаған болса, олардың қабылдануы жөнінде өтініш жолдап, бес жұмыс күні ішінде жауап алуына болады.

Сот орындаушысы белгіленген мерзімде жауап бермеген немесе тиісті әрекеттерді орындамаған жағдайда өтініш автоматты түрде өңірлік палата мен Әділет департаментіне жолданады.

AdiletGov мобильді қосымшасын Google Play және App Store платформаларынан жүктеп алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗