06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейге сапар шегетін Қазақстан азаматтары үшін жаңа ереже күшіне енеді. Енді шекарадан өтерден 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профиль толтыру міндетті болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл процесс RuID деп аталатын жаңа мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Қосымшада азаматтар өздерінің жеке мәліметтері мен фотосын жүктеуі, сондай-ақ медициналық сақтандыру рәсімдеуі қажет.

Жаңа жүйе заңсыз көші-қонмен күрес мақсатында қолға алынып отыр және барлық шекаралық өткізу пункттерінде қолданылады.

Бұл талап 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Ресейге кіру үшін әрбір Қазақстан азаматы QR-код алуы тиіс. Бұл талап паспортпен де, жеке куәлікпен де шекара асатын азаматтарға бірдей қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗