Рекорд: такси шақыратындар саны артқан
15 наурыз, 2025
Pixabay.com
Ресми статистикада такси қызметтеріне сұраныстың қарқынды өсімі тіркелді, деп хабарлайды Data Hub телеграм арнасы.
Қаңтар-ақпан айларында такси арқылы тасымалданған жолаушылардың жалпы саны жылдан жылға 2,4 есеге өсіп, 20,6 млн адамға жетті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, аталған мерзім бойынша мұндай жоғары көрсеткіш 2022 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.
Екі ай да жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленіп тұр – қаңтар мен ақпан: әр айдың мәні 10 миллионға жуықтады. Жалпы алғанда, көрсеткіш бес ай қатарынан жоғары деңгейде сақталуда (бір айда 7 млн астам).
Айта кету керек, бұған дейін де, 2024 жылы, жоғары көрсеткіштер байқалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады