Қонаев қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

Қонаев қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаевта қатты желдің салдарынан ғимараттардың бүлінуіне байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қала әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты жел тұрып, салдарынан бірқатар тұрғын үй мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шықты. Желдің екпіні 25 м/секундтан асты. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай 17 желтоқсаннан бастап ресми түрде жарияланды.

Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер жұмысы күшейтілген режимге көшті. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өртке қарсы оқу-жаттығу өтетінін жаздық.