Қазақстанның агросекторы 6,1%-ға өсті

Бүгін, 15:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанның агросекторы 6,1%-ға өсті
Фото: freepik.com

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ішкі нарықты сапалы өнімдермен толтыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жылдың басты жетістігі екінші жыл қатарынан рекордтық астық жиналғаны – ол шамамен 27 млн тонна. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жалпы 11 айда агроөнеркәсіп кешені 6,1% өсім көрсетті. Негізгі үлес егін шаруашылығында (+7,6%), ал мал шаруашылығы 3,5%-ға өсті. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар сүт (+5%), ет (+3%) және жұмыртқа (+1,5%) сынды өнімдердің де өндірісі артты.

Өсу көшін Ақмола (15,7%), Қостанай (15,4%) және Солтүстік Қазақстан (10,5%) облыстары бастап тұр.

«Ауыл шаруашылығы маусымдық қарқынды өсу кезеңіне аяқ басты. Қолайлы ауа райы жағдайлары мен уақтылы мемлекеттік қолдау біздің фермерлерге екінші жыл қатарынан рекордтық егін жинауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру және қайта өңдеуді дамыту үшін берік негіз қалайды», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру құралдарын қолдануды тапсырған болатын.