Қазақстан Өзбекстанға өсімдік майын жеткізуде көшбасшылықты сақтап қалды
Қазақстан екінші жыл қатарынан Өзбекстан нарығына өсімдік майының ірі жеткізушісі болып қалуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейін көрші елге қазақстандық май өнімдері экспортының көлемі 553 мың тоннаға жетті. Бұл алдыңғы маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8 мың тоннаға немесе 31% - ға артық.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Өзбекстандағы өсімдік майлары нарығындағы үлесі 90% - дан асты. Соңғы бес маусымда жеткізілімдердің тұрақты өсуі байқалды. Сонымен қатар май саласы өнімдерінің жалпы экспорт көлемі ұлғаюда. Маркетингтік жылдың тоғыз айында Қазақстан шетелге $944 млн сомасына өсімдік майы, күнжара және жом жеткізді.
Экспорттық кіріс 2024/2025 жылғы қыркүйек-мамырмен салыстырғанда $331 млн-ға немесе 54% - ға өсті. Осы маркетингтік жылдың соңына қарай өсімдік майы, күнжара және жом экспорты $1,15 млрд-тан асады деп болжануда.
Сыртқы жеткізілімдердің өсуі отандық өңдеудің дамуының арқасында қамтамасыз етілді. Қазақстанда майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша қолданыстағы қуат күнбағысты қайта өңдеу бойынша 4,4 млн тоннаны қоса алғанда, жылына 5,2 млн тоннадан асады. Бұл Өзбекстанның жиынтық өңдеу қуаттылығынан 700 мың тоннаға артық.
Жаңа кәсіпорындарды салу және іске қосу есебінен 2028 жылға қарай қазақстандық май саласының қуатын жылына 8 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Айта кетейік, Қазақстандық өнім 20-дан астам елге жеткізіледі. Сондай-ақ ел Орталық Азия мемлекеттерінің күнбағыс майына деген қажеттілігін толығымен жабады және күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемде алтыншы орында. Келешекте сала ірі әлемдік экспорттаушылардың үштігіне кіруді және экспорт түсімін $2 2 млрд-қа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты.