Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты.