Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты

Бүгін, 17:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Өздеріңіз білесіздер, биыл бір ел болып «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Жыл бойы еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Осы жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызметін мінсіз атқарған адам қашанда қадірлі болады. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. 

Бұл тұрғыдан алғанда, Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені. 

Қазір ортамызда жұмысын адал атқарып, халқымызға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар отыр. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Президент.