Президент үш маңызды заңға қол қойды
Мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.