Президент: Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр

Бүгін, 16:50
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент: Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр
Фото: Freepik.соm

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордaның ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан қауіпсіз ел ретінде қалыптасуда. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр. 

Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз деді. 

Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді», - деді Президент.