06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қабылдау кезінде мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік және техникалық білім, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты сұрақтар көтерілді.   

Ведомство басшысы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауына алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗