05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Наурыз көже дайындауға қанша ақша кетеді

|
Photo: фото: almaty-akshamy.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Наурыз көже дайындауға қанша ақша кетеді

|
Photo: фото: almaty-akshamy.kz

 

Наурыз көже – жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам. Ұлттық статистика бюросы наурыз көжеге қосылатын негізгі өнімдердің бағасын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

1 литр айранның орташа бағасы (2,5%) 446 теңгені құрайды. Бұл тағамда қолданылатын тағы бір маңызды өнім – сүт (2,5%), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең. Арпа жармасы бір кг үшін орташа есеппен 399 теңгені құрайды, еліміз бойынша оның ең төменгі бағасы Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген. Күрішке келетін болсақ, оның орташа бағасы келісіне 639 теңге, оның ең арзан бағасы Шымкентте — 535 теңге. Тағы бір маңызды ингредиенттің бірі – жылқы еті, оның бір келісі шамамен 3098 теңге. Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы 76 теңге/кг.

Сондай-ақ тағамға құрт қосылады, ал аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗