Маңғыстауда борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды
8 қыркүйек, 2024
Фото: Elordainfo.kz
Маңғыстау облысында полигонда өтіп жатқан жиын кезінде сарбазға оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша» полигонында болған.
Ақтау гарнизоны таратқан мәліметке сүйенсек, полигонда өтіп жатқан жиын кезінде қаруды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі алған жарақат салдарынан қаза тапты. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. ҚР Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:29
1 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландыруға өтінім бере алады
15 қыркүйек, 2026
Тамыз айында елімізде 166 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды
15 қыркүйек, 2026
Ресейден құжатсыз әкелінген 252 мың тауық жұмыртқасы кері қайтарылды
9 қыркүйек, 2026
ЭЫДҰ: Қазақстанның ресми статистикасы озық халықаралық тәжірибеге толықтай дерлік сәйкес келеді