09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлттық қорғаныс университетінде Корея елшісі дәріс оқыды

|
Photo: Фото: Қорғаныс министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлттық қорғаныс университетінде Корея елшісі дәріс оқыды

|
Photo: Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының Корея Республикасы дипломатиялық ведомствосының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжо Тэ-ик және әскери атташе өкілдері бар.

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік қонақтарға оқу-материалдық база, ЖОО бағдарламалары және білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары жайлы айтып берді. 

Корея Республикасының елшісі Чжо Тэ-ик университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияның қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗