ҚТЖ-ның 400-ден астам локомотиві Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды

Бүгін, 15:14
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚТЖ-ның 400-ден астам локомотиві Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Фото: ҚТЖ

ҚТЖ-да ақылды жүйе жүк локомотивтерінде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ақтөбе, Мақат, Сексеуіл және Аягөз сервистік орталықтарында 425 Trip Optimizer жиынтығы орнатылды. Деректерді жабдыққа беру үшін ұялы байланыс операторының 385 SIM-картасы біріктірілді, ал модемдердің өздері мемлекеттік порталда міндетті тексеруден өтті. Қазір барлық жабдықталған локомотивтер паркінде модемдердің бағдарламалық жасақтамасын жоспарлы жаңарту жүріп жатыр, бұл жүйенің тұрақты байланысы мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада. 

Нақты уақыт режимінде жүйе пойыздың координаттарын көлбеу, бұрылыс және жылдамдық шектеулерін ескере отырып, жолдың сандық картасымен салыстырады. Бағдарлама құрамның техникалық параметрлерін – оның массасын, ұзындығын, вагондар санын, локомотивтің сипаттамаларын талдайды және осы мәліметтер негізінде тартылыс пен динамикалық тежегіштерді дербес басқарады. Бұл тәсіл адам факторын болдырмай, отынды айтарлықтай үнемдеуге, кестені қатаң сақтауға және машинистердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Trip Optimizer технологиясы халықаралық стандарт ретінде танылған және оны әлемдегі 20 астам ірі теміржол операторлары қолданады.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 59 пойыз Starlink спутниктік интернетіне қосылғаны туралы жаздық.