Референдум-2026

Көкшетауда «Жас құтқарушы–2026» республикалық слеті басталды

Бүгін, 17:31
Думан Аманжол Думан Аманжол
Көкшетауда «Жас құтқарушы–2026» республикалық слеті басталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Көкшетау қаласында жас құтқарушылардың басын қосқан «Жас құтқарушы-2026» республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының, ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің өкілдері, төрешілер алқасы, жаттықтырушылар мен жарысқа қатысушы командалар қатысты.

Құрметті қонақтар жас құтқарушыларға сәттілік, әділ бәсеке, табандылық пен жарқын жеңістер тіледі. Олар мұндай іс-шаралардың жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда, патриоттық тәрбиені нығайтуда және құтқарушы мамандығын дәріптеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Жарыстың алғашқы күні командалар «Саптық даярлық» кезеңінде және «Таныстыру» шығармашылық байқауында өз шеберліктерін көрсетеді. Бұл кезеңде олар өз өңірлерін таныстырып, ұйымшылдығын, шығармашылық әлеуетін және дайындық деңгейін паш етеді. Алдағы күндері қатысушыларды спорттық және практикалық кезеңдер күтіп тұр. Онда олар өздерінің білімін, тәжірибелік дағдыларын және командамен жұмыс істеу қабілетін жан-жақты көрсете алады», делінеді хабарламада.

Айта кетейік, іс-шара Қазақстан құтқарушылар қорының қолдауымен ұйымдастырылуда. 

Еске салсақ, XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.