Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында еліміздің мектептерінде 1051 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған кабинеттерде психологтар, арнайы және әлеуметтік педагогтер бар. Сондай-ақ педагог-ассистенттер ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 218 ППТК және 105 ПМПК ашылған.