05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасына байланысты Қазақстанда жаңа эпизодтар негізінде тергеу басталды

|
Photo: Қанат Сайлыбаевтың жеке архивінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасына байланысты Қазақстанда жаңа эпизодтар негізінде тергеу басталды

|
Photo: Қанат Сайлыбаевтың жеке архивінен

Германияда қайтыс болған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты Қазақстанда жаңа қылмыстық істер тіркелді. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбақова Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың маусым айында Германия аумағында экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған болатын.

Адвокаттың сөзінше, қайғылы оқиғадан бері бір жарым жыл өтсе де, Германиядағы құқық қорғау органдары тарапынан істі тергеуде айтарлықтай ілгерілеу жоқ.

«Қазақстан аумағында Айгүлге жасалған азаптаулар фактісі бойынша қылмыстық іс тіркей алдық. Оның құрбылары Донцовтың қолынан алған дене жарақаттарының фотосуреттерін ұсынып, куәлік берді», - деді адвокат.

Оның мәлімдеуінше, неміс полициясы әрекетсіз отыр және күдіктілерді іздестіру мен ұстау бойынша шара қолданбаған.

«Ал Александр Донцов болса, бостандықта емін-еркін жүр, тіпті БАҚ-қа сұхбат береді. Қаза тапқан Айгүл – Қазақстан азаматы. Оның қартайған ата-анасы жүкті қызынан айырылды, немересімен байланыс орната алмай отыр», - деп жазды Оразбақова.

Сонымен қатар адвокат сот-медициналық сараптама қорытындысын да жариялады. Сарапшылардың мәліметінше, қылмыс кемінде екі түрлі заттың, өткір және доғал құралдың көмегімен жасалған. Бастың артқы тұсына тиген соққы Айгүлдің есінен тануына себеп болуы мүмкін. Бетінде, мойнында және денесінде көптеген жарақат, алақандары мен саусақтарының арасында терең тіліктер анықталған. Өлімнің себебі – көп мөлшерде қан жоғалту.

«Айгүлдің ата-анасы біздің Сыртқы істер министрлігі неміс әріптестеріне дипломатиялық нота жіберіп, қылмыскерлерді іздеу ісін жандандырады деп үміттенеді. Сондай-ақ Қазақстанда тіркелген «азаптау фактісі» бойынша қылмыстық іс аясында толыққанды және әділ тергеу жүргізіліп, тиісті үкім шығарылады деп сенеді», - деді Оразбақова.

Айта кетсек, Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық сотының бұрынғы судьясы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол 2024 жылдың 4 маусымында Германияның Бенсхайм қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен. Сол күні ол қызын балабақшаға апарып, содан кейін байланыс үзілген.

Түстен кейін шамамен 14:30-да баланы әжесі (Айгүл Сайлыбаеваның 49 жастағы енесі) Наталья Донцова алып кетіп, кейін оның өзі де жоғалған. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Бірнеше аптадан соң Айгүлдің зорлық белгілері бар денесі қаланың шетінде, пластикалық қаптың ішінен табылған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗