Биыл қанша түлек мектеп бітіреді

Бүгін, 12:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Биыл қанша түлек мектеп бітіреді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрлігі биыл қанша оқушы мектеп бітіретіні туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«3,9 млн астам оқушы 2025-2026 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 215 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, Астанада биыл 16 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады. Елордада жаңа оқу жылында 12 мектеп пайдалануға беріледі.