Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
10 маусым, 2025
фото: Оқу-ағарту министрлігі
2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 170 мыңнан астам студент тәмамдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 123 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 27 мыңы – дуалды оқыту жүйесі арқылы, ал 10 мыңнан астамы – кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 81%-ды құрады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 қыркүйектен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толықтай тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70%-ы дәл осы техникалық бағыттарға бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша шамамен 10 мың студент білім алады»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
20 маусым, 2026
Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында әлемнің үздік бестігіне енді
19 маусым, 2026
20 маусымда жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталады
17 маусым, 2026
Жұлдыз Сүлейменова: Жаңартылған оқулықтарды шығару мерзімін қатаң сақтау қажет
17 маусым, 2026
Астанада ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы алғашқы жоғары білім диалогы ашылды