Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды

5 маусым, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден U18 және U23 жас санаттары, сондай-ақ параканоэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 15 елден 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр.

Құрлықтық доданың екінші күнінде Астана қаласының спортшысы Эвелина Костенко жоғары нәтиже көрсетіп, байдаркамен есуден U18 санатындағы қыздар арасында К1 200 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ел намысын қорғаған жерлесіміз өз санатында Азия чемпионы атанды.

Бүгінгі финалдар әлі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, аталған Азия чемпионаты 7 маусымға дейін жалғасады.

Бұған дейін астаналық спортшылар Қазақстан чемпионатында төрт медаль жеңіп алғанын жаздық.