Астаналық құтқарушылар өрттен екі газ баллонын алып шықты (ВИДЕО)

20 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық құтқарушылар өрттен екі газ баллонын алып шықты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Астанада Кенесары көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үй аумағынан өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері барған сәтте толықтай жанып жатқан.

«ТЖД күштері өрттен екі газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың орын алуына және болуы мүмкін шығындарға жол бермеді.

Өрт 20 ш.м. аумақта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында .

Өрттің шығу себебі анықталуда.