Астаналық құтқарушылар өртенген автобусты жедел сөндірді

Бүгін, 13:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астаналық құтқарушылар өртенген автобусты жедел сөндірді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астаналық құтқарушылар автобустағы өртті жедел сөндірдідеп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астана қаласы Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылы бойында автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жіберілді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген.  

Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автобусқа толық таралуына жол бермеді.  

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.