Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге танымдық экскурсия ұйымдастырды
27 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада полиция департаментінің қызметкерлері ерте жастан кәсіби бағдар беру және балалардың әлеуметтік таным көкжиегін кеңейту мақсатында «Mega Kids» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іс-шара бүлдіршіндер үшін нағыз білім беру тәжірибесіне айналды. Олар полиция қызметкері мамандығымен танысып, тәртіп сақшыларының қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қалай қамтамасыз ететінін көрді.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балаларға кинологиялық қызметтің иттерін көрсетті. Ал полицияның күнделікті қызметінде қолданылатын арнайы техниканың көрсетілімі балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады