Астанада жүк көлігі өртенді
18 қаңтар, 2026
Фото: Скриншот ТЖМ таратқан видеодан
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан автокөлікті жедел түрде сөндірді. Астанада, Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолында газ баллонды жабдықталған жүк көлігі өртенді», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін газ баллонды жабдықтың жарылуы болды. ТЖМ күштері көбік ағынын пайдаланып, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін елордада көпқабатты үйдің балконы өртеніп, 8 адам эвакуацияланғанын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады