Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде құқықтық тәртіп әскері ардагерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында бөлімнің жеке құрамы мен жас сарбаздар ел игілігі жолында қызмет атқарған абзал жандардың ерлік жолымен танысып, олардың өмірлік өнегесін үлгі етті. Ардагерлер алдында Ұлттық ұлан ән және би ансаблінің солистері патриоттық әндер шырқады. Сондай-ақ әскери бөлім командирі атынан ардагерлерге алғыс хаттар табысталды.
«Сіздердің қызметтегі қажыр-қайраттарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – бүгінгі жас сарбаздар үшін үлкен өнеге», - деді әскери бөлім командирі полковник Жандар Әшірбеков.