Астанада көпқабатты үйдегі өрт кезінде 9 бала арнайы масканың көмегімен құтқарылды
2 сәуір, 2026
ТЖД видеосының скрині
Елордада өрт кезінде 12 адам құтқарылып, 25 адамды эвакуацияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Сарыарқа ауданында, Жеңіс даңғылының бойындағы тоғыз қабатты үйдің екінші қабатынан шықты. ТЖД күштері екінші қабатта балкон және терезе жанғанын анықтады.
«Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 25 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, 12 адам, оның ішінде 9 бала арнайы масканың көмегімен құтқарылды», делінген хабарламада.
20 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның әрі қарай таралуына жол берілмей, толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Еске сала кетсек, Ақмола облысының Макинск қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққанын хабарладық.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді