Астанада «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді
Астанада 14 ақпан күні Кенесары хан ескерткішінің маңында дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күресі, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.
Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады.
Қатысушыларды тіркеу 08:30-10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00-де басталады.
Қатысу – тегін.
Бұған дейін Қазақстан Олимпиада жүлдегеріне ең көп сыйақы беретін ТОП-3 мемлекеттің қатарына кіретінін жаздық.