Астанада бірқатар көше қиылысы жабылады

Астанада бірқатар көше қиылысы жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шектеулер төмендегі уақытта қолданылады:

Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі – 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;

Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;

Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;

С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.

«Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерген жөн», – делінген хабарламада.