Астанада «Әке мен бала» клубының шығармашылық кездесуі өтті

26 қараша, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Әке мен бала» клубының шығармашылық кездесуі өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әке мен бала» клубының «Әке үлгісі – оқырман бала» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиынды журналист Ернат Рахметолла жүргізіп, мұндай бастамалардың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.

Аталмыш шараға «Әке мен бала» клубының тұрақты мүшелері, «Әкелер одағы» Астана филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, Астана қаласының әр ауданынан Әкелер одағының төрағалары балаларымен, ата-аналар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кештің құрметті қонағы – театр және кино актері, жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы:

«Қазіргі қоғамда әке мен бала арасындағы байланыстың әлсіреуі байқалады. Әке тәрбиесі – баланың ертеңіне жол көрсететін шамшырақ. Бүгінгідей шаралар осы байланысты бекемдей түседі», - деп атап өтті.  

Оқушылар өз әкелерімен бірге оқыған кітаптарын талқылап, өнерлерін көрсетіп, әсерлі кештің мазмұнын толықтырды.

Сонымен қатар «Әке мен бала» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға рухани азық болар әдебиеттер ұсынылды. 

Сондай-ақ ақын Серік Сейітман, «Алқа» радиосының «Ата-ана алқасы» жобасының автор-жүргізушісі және Айгүл Рахметқызы, «Айсын» радио-журналистика мектебінің директоры, журналист Айсын Мүрсінқызы сынды қонақтар осындай бастамалар – ұлттық руханиятты ұлықтап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі қадам екенін айтты.