07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Сербиядан экстрадицияланды

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Сербиядан экстрадицияланды

|
Photo: Фото: freepik.com

Бүгін ҚР ІІМ Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Сербия Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

«Күдікті 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңдегі аралықта Kolesa.kz сайтында арнайы техниканы сату туралы жалған хабарландыру орналастыру арқылы, 4 азаматтың ақшасын ұрлап, оларға 205 000 доллар шығын келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетті, осыған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

2023 жылы ол Сербия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының өтініші бойынша елімізге экстрадицияланды. 

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.  

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗