Ақтөбе облысында жолдың жабылуына байланысты 540 жолаушы пойызбен жеткізілді

Ақтөбе облысында жолдың жабылуына байланысты 540 жолаушы пойызбен жеткізілді
Фото: Жолаушылар тасымалы компаниясы

Қолайсыз ауа райына және Қандыағаш-Ақтөбе учаскесіндегі жолдардың уақытша жабылуына байланысты пойыздармен 540 жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станцияларда ұйымдастырылды:
• Қандыағаш станциясынан — 139 жолаушы №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Алға станциясынан — 122 жолаушы:
• 50 жолаушы №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• 72 жолаушы №109 «Маңғыстау — Ақтөбе» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Ақтөбе станциясынан — 279 жолаушы №110 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызымен Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына дейін жеткізілді.

Тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелді.

Еске сала кетсек, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елдегі пойыздарда сапарлап бара жатқан мыңнан астам әйел жолаушыға сыйлық табысталды.