Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесі толық жаңғыртылды

17 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесі толық жаңғыртылды
Фото: ҚТЖ

Қазақстан теміржолдарының өткізу қабілеті жаңғыртылған Алтынкөл – Жетіген учаскесінде салынған 5 жаңа разъездің есебінен артуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ қолданыстағы 7 бөлу пунктінде қосымша қабылдау-жөнелту жолдары салынды. Барлық жұмыстар бекітілген кестелерден бұрын аяқталды.

Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту - 3 мың шақырымнан астам қолданыстағы желілерді жаңарту және жөндеу жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру барысында Алтынкөл – Жетіген учаскесінде 293 шақырым теміржол жолы жаңғыртылды, делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыруға 188 жұмыскер мен 80 бірлік техника жұмылдырылды. Компиания мәліметінше, учаскені жаңғыртудың аяқталуы инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, теміржол желісінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және елдің көлік дәліздерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы станцияда 20 шақты адам темір жолдан өту ережесін сақтамаған.