11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы – Ташкент бағытында Тальго пойызы қатынайтын болады

|
Photo: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы – Ташкент бағытында Тальго пойызы қатынайтын болады

|
Photo: ҚТЖ

14 желтоқсаннан бастап «Алматы – Ташкент» халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауысады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл шешім тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Бағытқа жоғары жайлылық деңгейіне ие Тальго құрамдары шығарылады.

«Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді. Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарланып отыр. 

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпарат tablo-railways.kz онлайн-таблосында қолжетімді. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗