Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейінгі екінші күні жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Қала әкімдігі Әсет Шопановтың лауазымынан өз еркімен кеткенін хабарлады.
«Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шықты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған еді.