Тоқаев Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтетін орталыққа барды

Тоқаев Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтетін орталыққа барды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аталған орталықта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне қатысады.

Саммит басталар алдында оған қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясының ашылуына қатысқаны хабарланған еді.